"Еркеш пен Жанельдің қызы бар": Фариза Ескермес не айтқысы келді?
Актриса Фариза Ескермес «Айтарым бар» подкасына берген сұхбатында әріптесі Жанель Серғазинаның ана атануы жайлы айтып, желіде қызу талқыға себеп болды, деп хабарлайды Politico.kz
Подкаст барысында Фариза Ескермес актриса Жанель Серғазинамен болған әңгімесін мысалға келтірген. Оның айтуынша, құрбысының ана ретіндегі көзқарасы көпшілікке тосын көрінген.
«Менің Жанель Серғазина деген құрбым бар. Актриса. Ана атанды. Сол кезде мен одан: “Жанека, қандай сезім болды? «Бұл менің балам» деген ерекше иелік сезімі келді ме?” деп сұрадым. Ол “жоқ” деді. Жанельдің ойлау қабілеті өте терең. “Фариза, менде тіпті ‘мен анамын, бұл – менің балам’ деген сезім болмады. Мен бұл балаға көпірмін. Осы дүниеге әкелдім, беруім керек дүниені бердім. Бірақ оны ‘менікі’ деп айта алмаймын” деді. Сол кезде мен “вау, қандай керемет ойлау” деп таңғалдым. Өзім де сондай деңгейге жеткім келді», – деді актриса.
Алайда бұл сөздер әлеуметтік желіде түрлі қауесеттің қайта өршуіне себеп болды. Бұған дейін желіде Жанель Серғазинаның баласының әкесі ретінде актер Еркеш Хасеннің аты аталып жүрген болатын. Фаризаның бұл мәлімдемесі оқырмандардың күдігін одан әрі күшейтті.
Желі қолданушылары пікірлерін ашық білдіріп, актрисаның сөзін сынға алды.
«Сонда бәрі біліп алып, үндемей жүрген бе?», «Бұл енді ашық өсекке айналды ғой», «Өзгенің жеке өмірін жария ету дұрыс емес», «Айтпай-ақ қоюға болатын әңгіме еді» деп жазды олар.
Әзірге Жанель Серғазина да, Еркеш Хасен де бұл мәселеге қатысты ресми пікір білдірген жоқ.
Соңғы жаңалықтар