Ерлан Нығматулин қамауға алынды
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, Парламент Мәжілісінің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің інісі алаяқтық жасады, салық пен кедендік төлемдерді төлеуден жалтарды, қаржыны жылыстатты деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Кейбір мәліметтерге қарағанда, Ерлан Нығматулин қазргі таңда қамауда отыр. Сонымен қатар, прокуратура қайда екені анықталмаған Нұрлан Нығматулинді де тергеуге шақырмақ. Соңғы деректерде оның 7 қыркүйекте БАӘ-інде жүргені айтылады.
Бұған дейін Мәскеу адвокаттар алқасының адвокаты Мәулен Әлімбаев Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулин мен оның егіз інісі Ерланның рейдерлік әрекеттерге қатысты қылмыстық іс бойынша айыпталушы ретінде танылғанын хабарлаған болатын. Тамыз айында өткен баспасөз мәслихатында ол қылмыстық істің желісі екі ірі кәсіпкер Қуат Сұлтанбеков пен Ерлан Нығматулиннің қарым-қатынасында екенін түсіндірген. Істі Антикор тергеп жатыр және ол осы жылдың сәуір айында басталған. Ерлан Нығматулин рейдерлікпен Сұлтанбековке тиесілі демалыс орнын тартып алған. 2012 жылы Е.Нығматулинмен болған жанжалдан кейін балқаштық кәсіпкер Қуат Сұлтанбеков түрмеге жабылып, жалпы 21 жылға бас бостандығынан айырылған, оның 10 жылын өзі өтеген. Айта кетейік, бұған дейін Мәжілістің экс-төрағасы Нұрлан Нығматулин мен інісі Ерлан Нығматулиннің тергеуге алынғанын жазған болатынбыз. Бұл мәліметті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растаған.
www.kznews.kz
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...