"Ерлі-зайыпты бірге жұмыс істеген": Жанармай құю бекетіндегі жарылыстан көз жұмғандардың есімі аталды

Атырау облысының Құлсары қаласындағы жанармай құю бекетінде болған жарылыстан мерт болғандарға қатысты мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Жарылыстан қаза тапқандар – ерлі-зайыпты. Екеуі де жанармай құю бекетінде жұмыс істеген.
“Жарылыс болған кезде 43 жастағы ер адам цистерна ішінде болған. Оның 40 жастағы әйелі сол кезде жанармай құю бекетінің ғимаратында болған. Екеуі де сол жерде көз жұмды”, – деп мәлімдедіAtyrauoil.news парақшасы.Өрт сағат 21:47-де сөндірілді. Ал зардап шеккендер саны 16 адамға дейін өсті.
Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаменті, полиция және тергеу органдары жұмысты жалғастырып жатыр. Қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Қылмыстық іс қозғалды.
Соңғы жаңалықтар




