Ерсай өзінен 8 жас кіші күйеуі туралы: Маған өзімнен үлкен сияқты көрінеді

21.08.2026 22:31 Томирис САҒЫНДЫҚ
Ерсай өзінен 8 жас кіші күйеуі туралы: Маған өзімнен үлкен сияқты көрінеді
67
Фото: әлеуметтік желіден алынды

Қазақстанда «Ерсай» атымен танымал кәсіпкер әйел өзінен 8 жас кіші отағасымен құрған отбасылық өмірі және Атажұрттағы алғашқы қадамдары туралы сыр шертті. Кейіпкердің айтуынша, арадағы жас айырмашылығы олардың қарым-қатынасына ешқандай кері әсерін тигізбейді. Сонымен қатар, ол екі ел арасындағы достық қатынастың арқасында Атажұртқа оңай келе алғанын, қазақ елінің ыстық ықыласы мен қолдауын сезініп жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы ол «Уақыт көрсетеді» подкастында әңгімеледі.

— Араларыңыздағы жас айырмашылығы үлкен емес пе? Сегіз жас екен.

— Иә, сегіз жас.

— Бұл қарым-қатынастарыңызға рөл ойнамай ма?

— Жоқ. Өйткені қазіргі күйеуімнің бала кезінен араласқан ұл-қыз достарының барлығы өзінен үлкен болған. Оның ақыл-парасаты мен ойлау жүйесі жас балаға ұқсамайды. Кейде оны тіпті өзімнен үлкен сияқты сезінемін. Сондықтан жас айырмашылығы ешқандай рөл ойнамайды.

— Жалпы, араларыңыздағы сезім есепке құрылған ба, әлде шынайы махаббат па?

— Біздікі шынайы махаббат. Ешқандай есеп жоқ.

— Оның сізге деген махаббаты шынайы екенін қайдан білесіз? Мүмкін есеп шығар?

— Өмірдің біраз белесінен өтіп, 34 жасқа келдім. Бұл менің өмірімдегі бірінші қарым-қатынас емес. Көптеген адаммен араласатындықтан, кімнің қандай екенін, сезімінің шынайылығын бірден байқай аламын. Осыған сүйеніп, біздің махаббатымыз шынайы әрі керемет екенін сеніммен айта аламын.

— Аузыңыз күйіп қалмай ма?

— Жоқ, күймейді.

— Егер солай болып жатса, «әттеген-ай» деп өкінесіз бе?

— Ондай жағдай болса, бұны өз тағдырым деп қабылдаймын. Ешкімге ешқандай ренішім болмайды.

— Қамшы ұстар ұлдарыңыз бен қос бұрымды қыздарыңыз дүниеге келсін! Тілеулеспіз.

— Рақмет!

— Қазақстанға келген соң бәрі керемет әрі өзгеше болады деп ойлаған шығарсыз. Сол үмітіңіз ақталды ма?

— Иә, ақталды. Біріншіден, екі ел достығының арқасында адамдар бір-біріне еркін барып-келіп жатыр, оған өте қуаныштымыз. Осының арқасында біз де келе алдық. Қазақ елінің, өз қандастарымыздың қолдауына ие болдық, сеніміміз артты. Менімен жұмыс істейтін адамдар да көбейді, халық та қолдап, тауарымды сатып алып жатыр. Жолдасыммен де қарым-қатынасымыз тамаша, тойымызды да өткіздік. Барлығы ойдағыдай, бәрі керемет.

— Сіз қазір Қытай азаматысыз ба?

— Иә, Қытай азаматымын.

— Алдағы уақытқа қандай мақсаттарыңыз бар?

— Қызым Қытайда оқиды. Бұйырса, уақыт өте келе барлығы ретімен шешіліп, бәрі жақсы болады деп үміттенемін.

Войдите, чтобы оставить комментарий