Ержан Елекеев «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
Ержан Елекеев 1986 жылы туған және Қазақстан Республикасының азаматы. Қазақстан-британ техникалық университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша және Глазго университетін қаржы экономикасы саласындағы гуманитарлық ғылымдар магистрі дәрежесімен бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы «ҚазМұнайГаз» «Барлау Өндіру» АҚ Инвесторлармен байланыс департаментінің талдаушысы ретінде бастаған. 2012-2019 жылдары «Самұрық-Қазына» АҚ-да әртүрлі лауазымдарды атқарды. 2019-2020 жылдары Әзірбайжандағы «Boston Consulting Group» халықаралық компаниясында жобалық басқару бағытының басшысы болып жұмыс істеді. 2020-2021 жылдары Елекеев мырза ҚР Президенті жанындағы әлеуметтік-экономикалық реформалар орталығының талдау тобы басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2021 жылы «Альфа-Банк Қазақстан» АҚ-ға жобалық кеңсенің директоры болып келді. 2022 жылдың қараша айынан бастап «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Активтерді басқару және жобалармен жұмыс жөніндегі Басқарушы директоры қызметін атқарды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...