«Ешкім ойнамайды»: Ғылым министрлігі бюджеттің 242 миллион теңгесін ойынға жұмсады
Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігі қазақ тілін үйретуге арналған ойынға бюджеттен 242 миллион теңгеге жуық қаражат бөлген, деп хабарлайды Politico.kz
Алайда Steppe Rider деп аталатын қымбат жобаны жүктеп алғандар саны аз, ал оның сапасы сын көтермей тұр.
Бұл туралы журналист Иван Стрижаков Instagram парақшасында мәлімдеді. Оның дерегінше, ведомство 239 миллион теңге жұмсаған өнім іс жүзінде қолдануға жарамай қалған. Журналист тіл үйрету идеясының өзі құптарлық екенін, бірақ оның жүзеге асырылуы «ақшаны далаға шашумен» тең екенін атап өтті.
Мемлекеттік сатып алу порталындағы ресми деректерге сүйенсек, бөлінген нақты сома – 241,8 миллион теңгеден асады. Лоттың сипаттамасында жобаның «Балаларға мемлекеттік тілді үйретуге бағытталған компьютерлік ойын» екені көрсетілген. Тапсырыс берушілердің жоспары бойынша, Steppe Rider ойыны арқылы балалар қазақ тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүрі мен фольклорына қызығып, тіл меңгеруі тиіс болған. Алайда, нәтиже күткендегідей болмай шықты.
Соңғы жаңалықтар