"Ешкімге ештеңе білдірмеді": Танымал актердің отбасы қара жамылды

30.10.2025 18:45 Берік Арманов
0
2849
Фото: instagram.com/gulnurmamasaripova

Танымал кино және театр актері Жасұлан Әйтеннің "Әкеңнің баласы" фильмінде түсу барысында әкесі дүниеден өтті, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

«Келінжан» телесериалының продюсері Гүлнұр Мамасарипова бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Достар, мен “ӘКЕҢнің БАЛАСЫ” фильміне, актерлерге, түсірілім барысы жайлы да әңгімелеп отыруды жөн көрдім. Әр адамның артында тағдыр тұрады, сол сияқты әр актердің де кинода өз жолы, өз драмасы бар", - деп жазды ол.

Продюсердің айтуынша ол фильмдегі соңғы сахнасын ойнап жатқанда суық хабар алған. Алайда ешкімге тіс жармай, соңына дейін қайғысын ішіне жұтып, ойнап шыққан. Ешкімге ештеңе білдірмеген. Алайда әкесіне жетіп, қоштасып үлгермепті. 

Қайғылы хабарды естіген қазақстандықтар әлеуметтік желіде актерге көңіл айтып, отбасына сабыр тілеуде.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий