«Ешкімнен сұрамай»: Мөлдір Әуелбекова 1 миллион долларлық межені бағындырды
Қазақ эстрадасының танымал өкілі, әнші Мөлдір Әуелбекова жеке өмірі мен кәсіби жолындағы үлкен жетістігін жария етті. Өнер иесі бұл қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Әншінің айтуынша, ол ешкімнен көмек сұрамай, табандылық пен еңбектің арқасында 1 миллион доллар көлеміндегі оборотқа қол жеткізген.
«Ешкімнен ештеңе сұрамай, Алланың қолдауымен 1 000 000 доллар оборотқа жеттім. Өзіңе сен — өзіңді алып шығар. Еңбегің мен ақылың қатар жұмыс істесе, нәтиже болады», — деп жазды Мөлдір Әуелбекова.
Бұл жазба желі қолданушыларынан жылы лебіз бен қолдауға толы пікір жинады. Жанкүйерлері әншінің еңбегін жоғары бағалап, жетістігі көпке үлгі екенін атап өтті.
Өнердегі табысын кәсіппен ұштастыра білген Мөлдір Әуелбекованың бұл жетістігі қазақ шоу-бизнесіндегі әйел кәсіпкерлер үшін де үлкен мотивация болып отыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...