Ескі Қазақстан президент сайлауына түсуі мүмкін – саясаткер

Ескі Қазақстан президент сайлауына түсуі мүмкін – саясаткер
18.08.2025 21:17
0
136

Ескі Қазақстан өкілдерінің президент сайлауына қатысу мүмкіндігі жайныда саясаткер, қоғам белсендісі Асқат Асылбеков айтты деп хабарлайды POLITICO.KZ Қасқа жол youtube арнасына сілтеме жасап.

2029 президент сайлауы болады және оған ескі Қазақстан өкілдері қатысуы әбден мүмкін. Себебі биліктен, яғни байлықтан кім бас тартады? “Бір қадам артқа, екі қадам алға” деген сөз бар ғой, сол сияқты олар да әрекет етеді. Байқасаңыз, әлеуметтік желіде жаңа топтар пайда болып жатыр, олар керек кезде шығады. Яғни ескі Қазақстан адамдарын жақтап, мақтап барынша жариялай бастайды, - дейді саясаткер. 

Оның айтуынша оларда ықпал да, қаражат та бар.

Өкінішке қарай, олардың бәрі бостандықта және шетелде жүр. Кез келген нәрсені ақшамен шеше алады, тіпті, қазіргі сатқын шенеуніктерді сатып ала салады, - деп түйіндеді Асқат Асылбеков.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий