Фариза Ескермес: «Бала туа салу – дұрыс емес»
Танымал қазақстандық актриса Фариза Ескермес ана болу жайлы ішкі қорқынышын алғаш рет ашық айтып, көпшіліктің назарын аударды. Ол бұл тақырыпты бұрын мұндай деңгейде жария түрде қозғамағанын жеткізді, деп хабарлайды Politico.kz.
«Айтарым бар» подкастында жүргізуші Жанерке Сейфуллаға берген сұхбатында актриса ана атану өзін қатты ойландыратынын жасырмады. Оның айтуынша, бұл – өміріндегі ең ауыр әрі жауапкершілігі зор шешімдердің бірі.
Фариза Ескермес он жыл бойы жалғыз өмір сүргенін, ерте жастан жеке кеткенін атап өтті. Соған қарамастан, ана болудан қорқатынын айтты. Бұл қорқыныштың себептерін түсіну үшін бір жылдай психологтың көмегіне жүгінген.
«Жай ғана бала туа салу – мен үшін дұрыс емес. Ана болуға дайын болу керек деп ойлаймын. Ал ол қорқыныш ана болмайынша кетпейтін сияқты», – деді актриса.
Сонымен қатар ол тұрмыс құруға да ұзақ уақыт моральдық тұрғыда дайын болмағанын жеткізді. Актрисаның сөзінше, қоғамдағы «келін» туралы қалыптасқан түсініктер оның таңдауына әсер еткен.
«Қыз тұрмысқа шықса, келін атанады. Ал келінді кейде құл сияқты қабылдайды. Осы түсініктен қорықтым. Сондықтан болар, отыз жасымда ғана тұрмысқа шықтым», – деді Фариза Ескермес.
Соңғы жаңалықтар