FlyArystan әуе компаниясына қатысты тергеу басталды

12.02.2026 16:31 Қарақат АСЫЛОВА
FlyArystan әуе компаниясына қатысты тергеу басталды
65
Ашық дереккөздерден
FlyArystan тарифтік саясаты тергелуде

Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті FlyArystan әуе компаниясына қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.

 Бұған жолаушылардың қол жүгінің артық салмағына қатысты бірыңғай төлем саясаты себеп болған.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында департамент басшысы Нұржан Нұрланұлы мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі қолданыстағы ереже бойынша қол жүгінің салмағы 1 келіге артық болған жолаушы да, 5 келіге артық болған жолаушы да бірдей мөлшерде ақы төлейді. Яғни төлем көлемі нақты артық салмаққа байланысты емес, бірыңғай тарифпен есептеледі.

«Жүргізілген талдау нәтижесінде өзге әуе компанияларының тәжірибесі зерттелді. Көп жағдайда артық салмақ үшін төлем нақты килограмға қарай, яғни дифференцияланған түрде алынады. Ал бірыңғай тариф қолдану жолаушылардың құқықтарына нұқсан келтіруі мүмкін», – деді Нұржан Нұрланұлы.

Агенттік өкілінің сөзінше, мұндай тәжірибе бәсекелестік заңнамасының талаптарына қайшы келуі ықтимал. Осыған байланысты FlyArystan компаниясына заң бұзушылық белгілері анықталғаны жөнінде ресми хабарлама жолданған. Алайда қойылған талаптар орындалмаған.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданады.

Еске сала кетейік, FlyArystan – Қазақстандағы лоукостер әуе компаниясы. Соңғы уақытта жолаушылар тарапынан қосымша төлемдерге қатысты шағымдар жиілеген.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий