Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов «Парасат» орденін иеленді
1258
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен еліміздің дамуына үлес қосқан бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табысталды, деп хабарлайды Politico.kz.
Үкімет басшысы Олжас Бектенов марапаттау рәсімінде жаңа Конституцияның қабылдануын қоғам бірлігінің көрінісі және ауқымды реформалардың маңызды кезеңі деп бағалады. Осыдан кейін ол елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және құқықтық тәртіпті нығайтуға еңбегі сіңген тұлғаларға «Парасат» орденін табыс етті.
«Парасат» орденімен марапатталғандар:
- әділет министрі Ерлан Сәрсембаев;
- «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов;
- «Қазақстан темір жолы» компаниясы» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов;
- мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақов;
- Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов.
Тимур Турлов бұл жаңалығымен өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, халықты Ораза айт және Наурыз мерекелерімен құттықтады.
Соңғы жаңалықтар
04.10.2026
17:29
Қазақстанның батыс өңірлерінде алғашқы қар жауды
04.10.2026
16:32
«Өз көлігіне неге осылай жазбайды?»: Ыбықты Сай...
04.10.2026
15:32
«Эмоцияға беріліп кеттім»: Қордайда оқушысын ая...
04.10.2026
14:32
«Неге олай жаздыңыз?»: Танымал дизайнер Мақпал ...
04.10.2026
13:26
“Киевтен Мәскеуге жауап”: Зеленский Ресейдің мұ...
04.10.2026
12:28
Қазақстан Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады