Германияда өлтірілген Айгүл Сайлыбаеваның экс-күйеуі айыптауларға қатысты пікір білдірді

04.02.2026 13:12 Әсел Мұрат
Германияда өлтірілген Айгүл Сайлыбаеваның экс-күйеуі айыптауларға қатысты пікір білдірді
225
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Айгүл Сайлыбаева

Ресейлік журналистер қазақстандық экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне күдікті деп саналатын ер адам мен әйелдің тұрғылықты жерін анықтады, деп хабарлайды Politico.kz ресейлік 112 желілік басылымына сілтеме жасап.

Басылымның журналистері былтыр Германияда өлтірілген судья Айгүл Сайлыбаеваның бұрынғы енесі мен экс-жұбайын тапқан. 

«Германияда Қазақстан азаматшасын өлтірді деген күдіктілер шынымен де Мәскеуде тұрып, жұмыс істейді», - делінген желілік басылымның Telegram арнасындағы жазбада.

Басылымның Telegram арнасында күдіктілердің видеосы жарияланды. Видеодан Сайлыбаеваның бұрынғы күйеуі пәтер есігінің алдында тұрып, журналистердің сұрақтарына жауап бергенін көруге болады. Ал пәтер ішінде егде жастағы әйел көзге түсті.

«Сіздер бәрін көрсетіп қойдыңыздар. Өте көп жалған ақпарат тараттыңыздар. Адамдар, арандатуға ермеңіздер, сенбеңіздер, осындай бандиттік әдістерге бой алдырмаңыздар», – деді ер адам журналистерге.

Басылым дерегінше, қазіргі уақытта күдіктілер Айгүл Сайлыбаеваның бұрынғы енесінің қарт анасымен бірге тұрып жатыр. Сондай-ақ желілік басылым дереккөздері 2 ақпанда күдіктілер Мәскеу қаласының Тергеу комитетінде жауап бергенін алға тартады. Ал экс-судьяның бұрынғы енесі Ресей Конституциясының баптарының біріне сүйене отырып, тергеушімен сөйлесуден бас тартқан көрінеді. 

Бұған дейін Ресейдің Тергеу комитеті қазақстандық экс-судья Айгүл Сайлыбаеваны Германияда өлтірді деген күдіктілер Мәскеуде жүрген-жүрмегені тексеріліп жатқанын хабарлаған еді.

Айгүл Сайлыбаеваның өлімі

Айгүл Сайлыбаева – Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының бұрынғы судьясы.

Ол 2024 жылдың маусым айында байланысқа шықпай, Германияда жоғалып кеткен еді. 4 маусым күні таңертең Сайлыбаева қызын балабақшаға алып кеткен. Содан кейін оны ешкім көрмеген. Оның із-түзсіз жоғалғанына уайымдаған туыстары Айгүлдің тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болуы мүмкін екенін айтып, Франкфурт-на-Майндегі Қазақстанның Бас консулдығына жүгінген.

Сол уақытта оның енесі де жоғалып кеткен. Германия тергеу органдары енесін негізгі күдікті ретінде қарастырған.

Марқұмның денесі 2024 жылы 16 маусымда Бенсхайм қаласының шетіндегі Эрлахе карьерінен табылды. Мәйіт полиэтилен пакетте болған. Сараптама оның пышақ жарақаттарынан қаза тапқанын анықтаған. Сондай-ақ Айгүл Сайлыбаеваның жүкті болғаны белгілі болды.

Күдікке ілінгендердің қатарында марқұмның күйеуі Александр Донцов бар. Марқұмның анасы оның әйелінің жоғалғаны туралы полицияға хабарламағанын айтады. Тергеу мәліметінше, дәл осы адам мәйітті тасымалдауы мүмкін. Сонымен қатар ықтимал сыбайлас ретінде туысы Владимир Василенко да аталады. 

Қазақстан ІІМ бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаеваны азаптау дерегі бойынша тергеуді бастаған. Қазақстанда марқұмның күйеуі мен енесіне іздеу жарияланған.

Кейіннен марқұмның күйеуі Александра Донцова мен оның анасы Наталья Донцова Мәскеу қаласында ұсталып, полицияға жеткізілгенін қазақстандық адвокат Мұрат Адам мәлімдеді. Оның айтуынша, Александра Донцова мен оның анасы Мәскеу қаласындағы құқық қорғау органдарына тапсырылған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий