Ғұсман Қырғызбаев Олимпиададан кейін қанша миллион тапқанын айтты
800
Париж Олимпиадасында қола жүлде иеленген дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев YouTube желісіндегі NAIZATV арнасына берген сұқбатында Олимпиададағы жетістігінен кейін қанша қаражат тапқанын айтты.
Олимпиададан кейін алған сыйлықтарымның бағасы 1 миллион долларға жақындап қалған сияқты. Толмады, бірақ жақындады. 300 миллион теңге деп айта аламын. Енді қазір алған жоқпыз ғой, шамамен соған жақындайтын сияқты деп тұрмын, - деді Ғұсман Қырғызбаев.Сондай-ақ жеке бапкері Ермек Насиев Олимпиада алдында Ғұсманға әлеуметтік желіні өшір деп талап қойыпты.
Екеуміз әлем чемпионатынан кейін отырып сөйлескенімізде әлеуметтік желіні өшір дедім. Олимпиадада нәтижеге жетіп жатсақ, әлеуметтік желіні құрметпен қосасың. Ұғатын адам ұғады. Әлеуметтік желіде көп отырған соң, уақытымыз бұзылады. Сондықтан әлеуметтік желіден демалу керек. Телефон демалса, ми істей бастайды. Кітап оқу да сол кезде басталады, - деді Ермек Насиев.
Соңғы жаңалықтар
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...
13.09.2026
16:10
Қаскелеңде бір жылдан бері із-түзсіз кеткен әйе...
13.09.2026
15:14
Шетелдік блогермен видеоға түскен екі полиция қ...
13.09.2026
14:12
Головкин халықаралық спортта жоғары қызметке кө...
13.09.2026
13:15
Тоқаев Үндістанда Путиннің арнайы шақыруын алды
13.09.2026
12:06
Зеленскийден күтпеген мәлімдеме: Путинмен кезде...