Халықтың қалтасы көтермейді. Тарифтер өте жоғары, ал табыс деңгейі оған жетпейді – депутат

01.04.2026 12:53 Әсел Мұрат
Халықтың қалтасы көтермейді. Тарифтер өте жоғары, ал табыс деңгейі оған жетпейді – депутат
265
Фото: ашық дереккөз

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек кулуарда елімізде коммуналдық қызмет тарифтерінің көтерілуіне енгізілген мораторийді ұзарту қажет екенін айтты , деп хабарлайды Politico.kz.

Бақытжан Базарбек тариф бағасының күрт өсіп кетпейтініне үміттенеттінін айтты. 

«Тарифтер бұрынмен салыстырғанда өте қатты көтерілген, халықтың, адамдардың қалтасы көтермейді. Тарифтер өте жоғары, ал табыс деңгейі оған жетпейді. Сондықтан біз қарапайым азаматтардың жағдайын ескеруіміз керек. Ххалық оны көтере ала ма? Менің ойымша, үкімет те дәл осы санат бойынша ойлайды», – деді депутат.

Базарбек мораторийді созуды қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, жақын арада тарифтерді көтеру туралы мәселе мүлде көтерілмеу керек.

Еске салайық, бұған дейін елімізде коммуналдық қызмет тарифтерін көтеруге мораторий 2026 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін енгізілген еді. 1 cәуірден бастап мораторий күшін жойды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий