Хиджаб киюден бас тартқан қызды ата-анасы ұрып-соқты (ВИДЕО)
862
Қырғызстандық ата-ана 20 жастағы қызын молдаға апарып, шлангпен ұрып-соғып, жағымсыз иісті сұйықтық құйылған бөшкеге батырған, деп хабарлайды Politico.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Сезім дағдарыс орталығының мәліметінше, 20 жастағы Бішкек тұрғыны өз ата-анасының қатыгездігіне тап болған. Бұған оның хиджаб киюден бас тартуы себеп болыпты. Ата-ана қызын ұзақ уақыт бойы молдаға күштеп апарып, "жын шығаратын" рәсімдер жасаған.
Жәбірленушінің айтуынша, оны шлангпен ұрып-соғып, жағымсыз иісті сұйықтық құйылған ыдысқа күштеп батырған. Сонымен қатар, ата-анасы қызының бостандығын шектеп, телефонын алып қойып, үйден шығуға рұқсат бермеген. Бойжеткен отбасының бір жылдан бері радикалды діни көзқарастарды ұстанғанын хабарлады.
Бұл жағдай желіде қызу талқыға түсті. "Сезім" орталығының өкілдері қыздың ата-анасымен сөйлескен. Осыдан кейін бойжеткенге хиджаб кимеуге рұқсат беріліпті.
Соңғы жаңалықтар
14.09.2026
09:36
«Ішіп алған ба»: Айтыс сахнасында ұятқа қалған ...
14.09.2026
09:16
«Балаң мен әкең бақилық болса, қартаясың»: Ердо...
14.09.2026
09:10
Ақтауда электр желілері басқармасының директоры...
14.09.2026
08:36
Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы ...
14.09.2026
08:15
Тоқаев Кореяға ұшып барды
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...