Хиджабты шешу: Эммануэлла Науызбаеваның жаңа образына қоғамның реакциясы қандай?
Жақында ғана хиджабын шешкен қазақстандық блогер Эммануэлла Науызбаева желіде жаңа жылдық кештегі ашық киімдегі фотосессиясымен көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Politico.kz
Ол суретке қосып жазған: “Сұлулық – қорқынышты күш. Әсіресе, сен әдемі болып туған болсаң” деген ойымен өз стильін көрсетуді мақсат етті. Алайда бұл пост әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Көпшілік блогердің жаңа образына сыни пікірлерін білдіріп, мұны шектен шығу деп бағалады.
"Орамалды шештіңіз, жарайды. Бірақ сонша уақыт хиджаб киіп, оны шешіп, бір айдан кейін осылай ашық-шашық киіну сіз үшін орамалдың мәні болмағанын көрсетеді", – деп жазды желі қолданушыларының бірі. Тағы бір пікірде: "Бұл шектен шығу. Исламды осындайлар бұзады" деп сын айтылды.
Сонымен қатар, Эммануэлланы қолдайтын пікірлер де аз емес. Қолдаушылар блогердің өз таңдауына құқылы екенін, жас және әдемі кезін тиімді пайдаланып жүргенін атап өтті.
"Тыныштық беріңіздерші. Оның ісі үшін біз жауап бермейміз. Ашық киінгені бәрімізді тозаққа сүйреп бара жатыр деген сөз емес. Өмір бір-ақ рет беріледі, ол – сенікі!" – деп жазды олар.
Осы оқиға блогерлер мен қоғам арасындағы шынайылық, жеке таңдау және дәстүрлі құндылықтар арасындағы талқылауды қайта жандандырғандай көрінеді. Эммануэлла өзінің стилін көрсету арқылы өз пікірін білдірсе, қоғамның кейбір бөлігі оны сынға алып, кейбірі қолдады.
Әлеуметтік желідегі пікірталас блогерлердің жеке өміріне қатысты реакцияның қаншалықты күрделі екенін тағы бір рет көрсетіп отыр.
Соңғы жаңалықтар