Хромтауда тоңазытқыштан ер адамның басы табылды (ВИДЕО)

22.07.2026 12:06 Әсел МҰРАТ
Хромтауда тоңазытқыштан ер адамның басы табылды (ВИДЕО)
147
Фото: Politico.kz/Абзал Бахытжанов

Ақтөбе облысының Хромтау қаласында полицейлер хабар-ошарсыз кеткен жергілікті тұрғынның өліміне қатысты қылмысты ашты. Ер адамның жоғалып кеткені туралы оның әйелі арыз берген. Тергеу барысында күдікті ретінде екі танысы анықталған. Олардың үйін тінту кезінде полицейлер тоңазытқыштан марқұмның шабылған басын тапқан. Осыдан кейін күдіктілер қылмыс жасағанын мойындаған, деп хабарлайды Politico.kz.

Жәбірленушінің жұбайы 2024 жылы 11 қазанда күйеуінің хабар-ошарсыз кеткені туралы полицияға арызданған. Әйелдің айтуынша, ер адам бір аптаға жуық уақыт бойы байланысқа шықпаған әрі үйіне келмеген. Арыз түскеннен кейін дереу жедел-тергеу тобы құрылып, іздестіру және жедел-іздестіру шаралары басталды.

Полиция қызметкерлері жоғалған азаматтың араласқан ортасын анықтап, оның туыстарынан, таныстарынан, көршілері мен әріптестерінен жауап алды. Сонымен қатар ер адамның болуы мүмкін жерлер тексеріліп, жиналған ақпарат жан-жақты сараланды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер жоғалған ер адамның екі танысынн күдіктенген. Олардың үйін тінту кезінде қылмысқа қатысты заттай дәлелдер табылды. Олардың қатарында тоңазытқышта сақталған марқұмның шабылған басы да болған.

Полицияның мәліметінше, тергеушілер қылмыстың барлық мән-жайын анықтап, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жеткілікті дәлелдер жинаған. Қылмыстық іс заңда белгіленген мерзімде сотқа жолданды.

2025 жылы ақпанда сот үкім шығарды. Сотталушылардың бірі адам өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Екінші сотталушы аса ауыр қылмысты жасырғаны үшін төрт жылға сотталды.

Войдите, чтобы оставить комментарий