ІІМ Android смартфон қолданушыларына ескерту жасады
1132
Қазақстан Ішкі істер министрлігі азаматтардың смартфондарына зиянды қосымшалар арқылы қашықтан қол жеткізуге бағытталған жаңа алаяқтық схема туралы мәлімдеді. Әсіресе Android жүйесіндегі құрылғылар қауіпке ұшырап отыр, деп хабарлайды Politico.kz.
Алаяқтық қалай жүзеге асады?
ІІМ мәліметінше, қазір азаматтардың мобильді құрылғыларына зиянды бағдарламаларды орнату жағдайлары тіркелуде.
Қаскөйлер бірнеше тәсілді қолданады:
- мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы фишингтік сілтемелер тарату;
- жалған мобильді қосымшаларды ұсыну;
- фото, видео немесе құжат түріндегі зиянды файлдарды жіберу;
- мемлекеттік органдар, банктер немесе жеткізу қызметтері атынан хабарлама жолдау;
- акцияға немесе ұтысқа қатысу сылтауымен қоңырау шалып, қосымша орнатуға көндіру.
Мұндай қосымша орнатылғаннан кейін алаяқтар құрылғыға қашықтан қол жеткізеді. Соның салдарынан:
- банк шоттарынан ақша ұрлануы,
- онлайн несие рәсімделуі,
- жеке деректер мен хат алмасулардың жария болуы,
- телефонды бұғаттап, ақша талап ету жағдайлары орын алуы мүмкін.
Өзіңізді қалай қорғауға болады?
Министрлік үшінші тұлғалардың өтінішімен қосымша орнатпауға, SMS-кодтарды ешкімге айтпауға және күмәнді сілтемелерге өтпеуге кеңес береді.
Сондай-ақ:
- қосымшалар сұрайтын рұқсаттарды мұқият тексеру,
- антивирустық бағдарламаларды пайдалану,
- банк операциялары туралы хабарламаларды қосу ұсынылады.
Құрылғыға вирус жұққанын қалай білуге болады?
Мамандар батареяның тез отыруы, құрылғының қызуы және белгісіз қосымшалардың пайда болуын күдікті белгілер ретінде атайды.
Егер телефонға зиянды бағдарлама жұқты деген күдік болса, интернетті дереу өшіріп, банкке хабарласып және құқық қорғау органдарына жүгіну қажет.
Соңғы жаңалықтар
11.06.2026
18:34
Қазақмыс басшысы Руслан Өскенәлі Оңтүстік Жезқа...
11.06.2026
18:03
Сәрсемалиев сотта Наурыз бен Мейрамгүлді қалай...
11.06.2026
17:31
Әл-Фарабидегі жол апаты: Пактан жауап алатын ке...
11.06.2026
17:12
«Партияға үміткер»: Депутат Бибісара Асаубаеван...
11.06.2026
16:35
Вице-министр Әмрин БЖЗҚ-дағы жинағын «Отбасы ба...
11.06.2026
16:19
"Абайсызда өзін атып алған": 21 жастағы танымал...