Алматыда алаяқ «өмірін сақтандырғысы» келетіндерден 620 млн теңге жинап алған

13.02.2026 11:10 Әсел Мұрат
Алматыда алаяқ «өмірін сақтандырғысы» келетіндерден 620 млн теңге жинап алған
226
Фото: Максим Золотухин

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті ірі көлемдегі алаяқтық дерегін әшкереледі, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл жолы агенттіктегілер заңсыз инвестицияның жолын кесті: адамдарды 8 жыл бойы алдап келген күдікті қолға түсті,

«Күдікті 2013–2021 жылдар аралығында «Partners & Consultants» атты «Өмірді сақтандыру» жобасы арқылы өмірді сақтандыру бағдарламалары мен жинақтаушы сақтандыру салымдарына инвестиция салуға болады деген сылтаумен азаматтардың ақшасын иемдену схемасын ұйымдастырған. Азаматтарды өзіне бағынысты заңды тұлғалардың — «Evroasia Global Investment» АҚ және «Evropa Investment» ЖШС есепшоттарына ақша аударуға үгіттеп, жылына 12%-ға дейін тұрақты табысқа кепілдік берген», - деп хабарлайды агенттіктегілер.

Ол халықты сендіру үшін шын мәнінде жоқ жалған халықаралық сақтандыру бағдарламалары мен сертификаттарын  көрсеткен.

Қаражаттар қолма-қолсыз аударыммен қабылданып, салымшыларға жалған депозиттік және инвестициялық міндеттемелер туралы құжаттар берілген.

Нәтижесінде 270 жәбірленушіге 620 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірілген. Күдікті ол ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырып, қымбат көлік пен қымбат үй сатып алған.

Қазір күдікті қамауда.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий