Ілияс Сариев 10 жастағы қыздың өліміне себепкер болған — тың дерек

Журналист Руслан Өтепбай тағы бір былықтың бетін ашты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ол Ілияс Сариевке қатысты тың деректі айтты. Журналистің айтуынша, ерікті 10 жастағы қыздың емінің ақшасын түгел бермеген.
“2024 жылдың ораза айында Ілияс Сариев ауыр дертке шалдыққан Інжудің еміне Ақтотының есепшотына сбор жинайды. Одан бөлек блогер өзінің көлігін сатып, Інжуді емдетемін деп, ата-анасына уәде берген.
Аз уақытьың ішінде Інжудің еміне халықтан 27 миллион теңге жиналады. Ең сорақасы Сариев науқас қыздың ата-анасына тек 9 миллион береді. Сол ақшаға ата-ана қызын Индия еліне емге апарады. Алайда ол жақтан ем қонбай 10 жастағы Інжу, өкінішке қарай екі аптадан кейін туған жері Оралда қайтыс болады.
Ал 27 миллионның қалған 18 миллионына Ілияс қайғыдан қан жұтқан отбысыға Оралдан баспана әперемін деп уәде еткен.
Ақыр соңында, қызын жерлеп зар жылаған ата-анаға «үй алып беремін»,-деген Сариевтің уәдесі орындалмаған”, - деді журналист.
Соңғы жаңалықтар





