Интернет тарифінің бағасы мен сапасын халық енді кімнен сұрауы керек: депутат дабыл қақты
Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы байланыс операторлары ойына келген бағаны белгілеп жатқанын айтып дабыл қақты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
«Жасанды интеллектіні дамыту, цифрлық технологияны, интернетті дамыту жақсы дүние. Бірақ алаяқтық әрекеттен халықты қорғауды да қоса ойлау керек. Халықтың жеке деректері тарап кеткенде мыңқ етпеген уәкілетті органдар тек интернет бағасын қымбаттатқан монополистердің жағдайын емес, елдің қауіпсіздігін ойлау керек! Қолжетімді интернет қолжетімсіз деп Үкіметке хат жолдағанымды білесіздер. Интернет бағасын 2 есе арзандату керек деп талап та қойдым!», - деп атап өтті депутат.
Нартай Аралбайұлы өзінің сауалына Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің берген жауабын жариялап, оған бас шайқағанын да жеткізді.
«Кәсіпкерлік кодекске сәйкес, бәсекелестікті дамыту мақсатында 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап байланыс қызметтерінің тарифтері мемлекеттік реттеуге жатпайды. Кәсіпкерлік кодексінің 116-бабының 1-тармағына сәйкес, тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтер мен бағаларды кәсіпкерлік субъектілері дербес айқындайды. Сонымен қатар, «Байланыс туралы» Заңның 20-бабына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, байланыс операторлары негізделген шығындарға сүйене отырып, байланыс қызметтеріне арналған тарифтерді дербес белгілейді», - дейді ол.
Сәрсенғалиев байланыс операторлары ойына келген бағаны белгілеп жатыр деп дабыл қақты.
«Байланыс операторлары ойына келген бағаны белгілей беретін болса, ҚЫМБАТ тариф қойған монополистерге «тоқтатыңдар, бағаны түсіріңдер» деп айта алмайтын болса, МЕМЛЕКЕТ БАҒАНЫ РЕТТЕЙ АЛМАСА ендеше бізге тұтас ведомства не керек? Интернет тарифінің бағасы мен сапасын халық енді кімнен сұрауы керек», - деді ол.
Соңғы жаңалықтар