Ирандық дрондар Әзербайжанға шабуыл жасады

05.03.2026 15:18 Әсел Мұрат
Ирандық дрондар Әзербайжанға шабуыл жасады
648
Фото: ашық дереккөз

Әзербайжан билігі ел аумағында екі ұшқышсыз ұшу аппараты құлап, жарылғаннан кейін Ираннан ресми түсініктеме беруді талап етті, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға Нахчыван әуежайы мен мектеп маңында болып, салдарынан екі адам жарақат алған. Осы жағдайға байланысты Әзербайжанның Сыртқы істер министрлігі Иран елшісін шақырып, наразылық білдірді.

Ведомствоның хабарлауынша, дрондардың бірі Нахчыван автономиялық республикасындағы әуежай терминалының ғимаратына соғылған. Ал екінші ұшқышсыз аппарат Бабек ауданына қарасты Шекерабад ауылындағы мектептің жанында құлаған. Оқиға нәтижесінде екі жергілікті тұрғын түрлі жарақат алды.

Әзербайжан тарапы Иран билігінен болған жағдайға қатысты ресми түсініктеме беруді және алдағы уақытта мұндай оқиғалардың алдын алу үшін шұғыл шаралар қабылдауды талап етті.

Осыған байланысты Бакуде аккредиттелген Иранның елшісі Моджтаба Демирчилу Әзербайжан Сыртқы істер министрлігіне шақырылды. Мұндай қадам Иран аумағынан ұшып шыққан дрондардың Нахчыван әуежайының маңына және Бабек ауданының Шекерабад ауылындағы мектептің жанында құлап, жарылуынан кейін жасалды.

Әзербайжан тарапы ирандық дипломатқа қатаң наразылық білдіріп, ресми нота тапсыруды жоспарлап отыр.

«Иран Ислам Республикасының аумағынан жасалған бұл дрон шабуылдарын біз қатаң айыптаймыз. Мұндай әрекеттер халықаралық құқық нормалары мен қағидаттарына қайшы келеді және өңірдегі жағдайдың шиеленісуіне себеп болуы мүмкін. Әзербайжан қажетті жауап шараларын қабылдау құқығын өзінде қалдырады», – деп мәлімдеді сыртқы саясат ведомствосы.

Баку Тегераннан оқиғаға қатысты барлық мән-жайды қысқа мерзім ішінде түсіндіріп, ресми жауап беруді және болашақта мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін нақты шаралар қабылдауды талап етті.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий