"Ішкіш күйеуімнен екі баламды алып, қашып кеттім": Бибігүл Төлегенова өміріндегі қиындықтарын айтты
2563
Қазақстанның Халық әртісі, әнші Бибігүл Төлегенова күйеуінің қандай адам болғанын, өзінің қандай келін болғаны туралы айтты, деп хабарлайды politico.kz Alash.KZ.cайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы мемлекеттік сыйлықтың иегері, әнші апамыз "Астана" телеарнасына берген сұхбатында айтқан.
"Күйеуден бағым жанған жоқ. Менің бағым - елім. Күйеулерім ұрған сайын өнерде көтерілдім. Жақсы жар, жақсы келін болуға тырыстым, бірақ күйеуімнен қашып кетуге тура келді екі баламмен, өйткені арақ ішкіш болды. Ешкім мені көтерген жоқ. Өнеріммен, өзім жеттім бәріне. Ешкім жаман қараған жоқ, ешкім мені біреудің арқасында көтерілді деген жоқ. Бақытымды өнерден таптым" дейді, қазақтың аңыз әншісі.Төлегенова күйеуілері туралы әңгімесінде:
"Оларға тамақ керек, қатын керек болды. Бәрін істедім. Тамақ та бердім, киімін де жудым. Бірақ командиропкаға барғанда қазанымды көтеріп келмеймін ғой. Келген соң маған күш көрсетеді. Қысқасы, күйеуден бағым жоқ. Елім аман болса, менің атым өшпейді" дейді, қазақтың бұлбұл әншісі.
Соңғы жаңалықтар
15.09.2026
10:49
БҚО-да «Охотзоопром» филиалының басшысы 5 млн т...
15.09.2026
10:31
«Ағамнан ұтылу ұят емес» Еркебұлан Тоқтар Дания...
15.09.2026
10:19
Экология министрлігін басқарған Ерлан Нысанбаев...
15.09.2026
10:04
Түркістан облысындағы зауытта танымал спортшы қ...
15.09.2026
09:23
Айжұлдыз Адайбекова жарымен түскен романтикалық...
15.09.2026
09:06
«Шәйіне дәрі қосып»: Қызылордада жаттықтырушы о...