«Исламда мұндай жоқ»: Рүстем Жүгінісовтің әрекеті желіде пікірталас тудырды
Танымал әнші Рүстем Жүгінісов әлеуметтік желіде жариялаған видеосымен көпшіліктің назарын аударып, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Politico.kz
Өнер иесі христиандардың шоқыну мерекесі кезінде мұздай суға түскен сәтін желіде бөліскен. Алайда әншінің бұл әрекеті желі қолданушыларының бір бөлігінің түсінбеушілігін тудырды. Өзі мұсылман екенін білетін жұрт не себепті дәл осы дәстүрге қатысқанын сұрап, түрлі пікір білдіріп жатыр.
Кейбір оқырмандар бұл қадамды орынсыз деп бағалап:
«Исламда қыста суға түсу деген жоқ», «Жаңа жылда шыршаны арам деп айтып, енді шоқыну рәсіміне қатысу қалай болды?» «Дінге еліктеу дұрыс емес», «Бисмилля айтып суға түскені тіпті түсініксіз» — деп жазды.
Ал тағы бір топ желі қолданушылары бұл әрекетті жеке таңдау деп қабылдауға шақырып, сын айтудан бас тарту керегін алға тартты.
Әнші бұл жағдайға қатысты әзірге нақты түсініктеме берген жоқ.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
19:29
«Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуы керек...
30.10.2026
18:38
Түркістан 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астан...
30.10.2026
18:18
Ақтөбеде мектеп оқушысын зорлаған 22 жастағы ер...
30.10.2026
16:51
Шортандыда вагон үстіне шыққан оқушыны тоқ соқты
30.10.2026
16:25
Жетісуда «жүкті» әйел 15 тәулікке қамалды
30.10.2026
16:06
Елордада Есіл өзенінен адам мәйіті табылды