“Ит емес, еркіне жіберіңіз”: Жұлдыз еркектер жайында айтты

“Ит емес, еркіне жіберіңіз”: Жұлдыз еркектер жайында айтты
Фото: әлеуметтік желі

Танымал актриса, әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желіде оқырмандарының сұрақтарына жауап беріп, ойын бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Өнер иесіне желі қолданушыларының бірі «Еркекті қалай ұстап қалуға болады?» деген сауал жолдаған.

Аталған сұраққа жауап берген Жұлдыз Әбдікәрімова бұл тақырыпта ешқандай кеңес бере алмайтынын жеткізді.

«Мына сұрақты басқа адамға қоясыз-ау. Өз еркімен қасыңызда қалмаса, қайтесіз ұстап. Ит емес қой, шынжырлап байлап қойып, сүйекпен алдайтын. Жіберіңіз еркіне», – деп жауап берді ол.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу