"Іздеп барған": Ақбаян Мұқанғалиева туралы журналист тың дерек айтты

10.04.2026 16:10 Мөлдір Талғат
583
Фото: ІІМ

Журналист Жанат Жақсыбайқызы Атырауда болған қанды оқиғаға байланысты күдікті Ақбаян Мұқанғалиева туралы тың мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта күдіктінің туыстары онымен әлі кездескен жоқ. Тергеу барысына байланысты құзырлы органдар тарапынан рұқсат берілмеген.

«Оқырмандардан «Ақбаянды туыстары көрді ме екен? Ол туралы не айтады?» деген жазбалар көп келеді. Жоқ, туыстары онымен жүздесе алмаған. Тергеу істеріне қатысты құзырлы органдар рұқсат бермеген», – деді ол.

Сонымен қатар журналист марқұмдардың туыстары балалардың жағдайын білуге тырысқанын да атап өтті. Алайда заң талаптарына байланысты олармен кездесуге мүмкіндік болмаған.

«Сонымен қатар қаралы отбасының туыстары Ақбаянның балалар үйіндегі ұл-қыздарын да іздеп барған. Бірақ заңдылықтарға сай көрісуге мүмкіндік болмапты», – деп жазды журналист.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Ақбаян Мұқанғалиева Алматы қаласына жеткізілген.

«Қазір Ақбаян Мұқанғалиева Алматы қаласындағы жүйке ауруларын ғылыми зерттеу орталығында. «Неге айтылмай кетті?» деп сұрай беретіндер де бар. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Ендігі ақпараттар сот процесінде айтылады», – деп түйіндеді Жанат Жақсыбайқызы.

Қазіргі таңда іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий