Іздеуде жүрген Қайсар Қамза мәлімдеме жасады
Қайсар Қамзаға іздеу жарияланғаннан кейін блогер әлеуметтік желіге шықты, деп хабарлайды Politico.kz.
Ол Instagram парақшасындағы сторисінде «бәрі дұрыс» деген жазба қалдырды.

Жарияланған суреттен блогердің уайымсыз дастарқан басында ішімдік ішіп отырғанын көруге болады.
Еске сала кетейік, күні кеше Қаржылық мониторинг агенттігі қазақстандық танымал блогер Қайсар Қамзаға ресми түрде іздеу жариялады.
Іздеу шараларын Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, Қайсар Қамза – әлеуметтік желілерде кеңінен танымал блогер. Оның Instagram парақшасында 2,6 миллионнан астам оқырманы бар, ал TikTok-тағы жазылушыларының саны 340 мыңнан асады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
12:31
«Борат» фильмі үшін Саша Барон Коэн қазақтардан...
29.10.2026
12:15
Асханадан саунаға дейін: «Қазақмыс» жұмысшыларғ...
29.10.2026
11:58
Дана Медеуова «Қазақстан балалары» депутаттық т...
29.10.2026
11:54
«Күліп жүргеннің бәрі бақытты емес»: Ердос Қана...
29.10.2026
11:23
12 жылға сотталған ҰҚК подполковнигінің үкімі ж...
29.10.2026
11:20
Жәрдемақыны енді бәріне бірдей бермейді: отбасы...