Jusan Bank Қазақстандағы бизнеске арналған ең үздік экожүйелердің бірі атанды
242
Jusan Bank дамыған бизнес экожүйесі бар Қазақстандағы үздік 2 банктің қатарына енді.
SME Banking Agency ақпараттық-талдау агенттігі шағын және орта бизнес үшін дамыған экожүйесі бар банктердің келесі рейтингін жариялады Ecosystems 2024, оның рейтингінде Jusan Қазақстан банктері арасында екінші орынды және бірқатар посткеңестік елдердің жетекші 20 банкі арасында үшінші орынды иеленді
Биылғы зерттеуге Қазақстан, Украина, Әзірбайжан, Грузия, Армения, Молдова, Қырғызстан және Өзбекстан сияқты тоғыз елдің 89 банкі қатысты.
Зерттеудің авторлары 30 қаржылық емес қызметке егжей-тегжейлі талдау жасады, олардың қолжетімділігі кәсіпкерлерге көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді, айта кетсек бизнесті тіркеу және тарату, мемлекеттік кірістер органдарына салық есептілігін жасау және ұсыну қызметтері жйне т.б.
Зерттеу нәтижелері туралы есепте жеке кәсіпкерлерге онлайн есеп жүргізу, Қазақстандағы Ösim бизнес журналы, Jusan Tole онлайн кассалық машиналары, сондай-ақ Jusan Store базары сияқты Jusan Bank қызметтері ерекше атап өтілді.
"Jusan Business – кәсіпкерлердің кез келген мәселелерін тез әрі оңай шешеді. Оның көмегімен сіз онлайн бірнеше минут ішінде бизнесті тіркей аласыз, шоттар мен карталарды аша аласыз, сатуды бастай аласыз, бухгалтерлік есеп жүргізе аласыз, салық есептерін жасай аласыз және т.б. Сонымен қатар, банктің экожүйесіне халық үшін ыңғайлы және тиімді онлайн сатып алу орны, сонымен қатар кәсіпкерлер үшін маңызды сату арнасы болып табылатын базар бар. Біздің мақсатымыз – клиенттеріміздің күнделікті міндеттерін шешуді толығымен өз мойнымызға алу, сондықтан ештеңе оларды ең маңызды нәрседен – бизнеспен айналысудан алшақтатпайды", – деді Jusan Bank Басқарма Төрағасының орынбасары Ольга Туманова.Бүгінгі күні Джусан шағын және орта кәсіпорындар талап ететін барлық дерлік банк қызметтерін сәтті цифрландырды, сонымен қатар өз клиенттеріне кәсіпкерлерге өз бизнесін тиімдірек жүргізуге мүмкіндік беретін цифрлық банктік емес қызметтердің тұтас пакетін ұсынды. Бұған дейін SME Banking агенттігі Jusan Business-ті қазақстандық бизнеске арналған үздік үш банктің қатарына қосса, Forbes Kazakhstan оны "2023 жылғы үздік 30 мобильді қосымшалар" рейтингінде 10-орынға қойды.
Соңғы жаңалықтар
03.05.2026
17:28
Хромтауда пышақ жарақатынан қаза тапқан ер адам...
03.05.2026
16:25
Қазақстан шетелдіктерге «алтын виза» ұсынып жатыр
03.05.2026
15:25
Тоқаев сыйға тартылған жылқыларын көрсетті (ВИДЕО)
03.05.2026
14:31
Қазақстан ардагерлеріне 5 млн теңге төлейтіні р...
03.05.2026
13:32
“60 миллион теңге қарыз”: Белгілі журналист Қай...
03.05.2026
12:00
Алматыдағы кафеде сатылған самсадан ветеринарлы...