Көлік ішінде ұрған: Түркістан облысында бойжеткен сүйіктісінің соққысынан көз жұмды
499
Желіде тараған ақпаратқа сай, қыз бен жігіт бір жылға жуық кездесіп жүрген. Тіпті той күнін белгілеп қойған,-деп хабарлайды politico.kz
Жігіт қызды күнде жұмысынан алып қайтып, үйіне жеткізіп жүрген. Ол 30 маусым күні кешкі сағат 18:30-да қызды жұмысынан алып, бірден өз үйіндегі гаражға кірген. Одан кейін не болғаны белгісіз. Сарапшылардың талдауына сай, қыз 20:30-да қайтыс болған.
Toyota Land Cruiser Prado көлігінің салонында 19 жастағы З. есімді ер адам сүйіктісі Э-ні ұрып-соққан. Қыз соққыдан көз жұмған. Алайда қылмыстың нақты себебі хабарланған жоқ.
“Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қылмыстық іс қозғалды. Барлық қажет сараптамалар тағайындалды. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр”, – делінген хабарламада.
Соңғы жаңалықтар
26.08.2026
17:08
"Адал еңбек етуге кетті": БАӘ-де көз жұмған қаз...
26.08.2026
16:43
Сау жері болмады – Ұлданамен шақыртуға бірге ба...
26.08.2026
16:20
Ұлдана Мырзуанның қазасы: қорғау тарабы істі қо...
26.08.2026
16:05
Ұлттық қордан алынатын 5 трлн теңге неге жұмсал...
26.08.2026
15:43
Мадинаның бөлек шығуға пәтер іздеуі өліміне себ...
26.08.2026
15:29
"Бес жұлдызды әке": Айқын Төлепберген Түркиядағ...