Кәмелетке толмағандардың құқығы күшейтілді: Жоғарғы Сот маңызды қаулы шығарды

26.02.2026 18:22 Қарақат АСЫЛОВА
Кәмелетке толмағандардың құқығы күшейтілді: Жоғарғы Сот маңызды қаулы шығарды
124
Фото: Zakon.kz
Қазақстанда жыныстық қылмыстарға қатысты сот тәжірибесі түбегейлі өзгереді

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жыныстық қолсұғылмаушылық пен жыныстық бостандыққа қарсы қылмыстарға қатысты сот тәжірибесін түсіндіретін нормативтік қаулы қабылдады, деп хабарлайды Politico.kz.

Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиев өткізген пленарлық отырысқа Жоғарғы Сот судьялары, ғылыми-консультативтік кеңес мүшелері, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Әділет министрлігі және адвокатура өкілдері қатысты.

Қаулы жобасын таныстырған судья Есенбай Боранбаев бұл санаттағы қылмыстардың қоғамдық қауіптілігі жоғары екенін атап өтті. Құжат сот тәжірибесін біріздендіруге және қылмыстарды саралау кезінде туындайтын әртүрлі түсіндірмелерді жоюға бағытталған.

Қаулыда: Зорлау ұғымы, жыныстық сипаттағы күш қолдану әрекеттері, жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттер, жыныстық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеу, азғындық әрекеттер, сексуалдық сипаттағы тиісу,«бірнеше рет жасалу» белгісі бойынша саралау сияқты маңызды түсініктер нақты түсіндірілген.

Судья Жанна Волкова кәмелетке толмаған куәгерлер мен жәбірленушілердің айғақтарын депонирлеу тәртібіне ерекше назар аударылғанын айтты. Бұл олардың құқықтары мен процессуалдық кепілдіктерін қорғау үшін маңызды.Ал судья Нұржан Жолдасбеков соңғы жылдары Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістерге байланысты соттарда туындайтын мәселелерге жан-жақты түсіндірме берілгенін атап өтті.

Қабылданған нормативтік қаулы сот тәжірибесін біріздендіріп, жыныстық қылмыстар бойынша істерді қарау сапасын арттыруға бағытталған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий