"Кәмшат пен Жанарға жетпейсіңдер": КешYou-дың жаңа құрамы сын астында қалды

11.12.2025 15:24 Айсұлу Мұрат
0
80
Фото: Instagram жеке парақшасынан

Әлеуметтік желіде КешYou тобының соңғы видеосы үлкен талқы тудырды. Көпшілік тыңдармандар топтың қазіргі құрамын бұрынғы «алтын кезеңімен» салыстырып, жаңа қыздарға қатаң пікір айтып жатыр, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Желі қолданушыларының басым бөлігі КешYou-дың ең мықты құрамы — Кәмшат Жолдыбаева, Жанар Дұғалова және Айдана Меденова болған уақыт екенін алға тартып отыр.

«Кәмшат пен Жанарға жетпейсіңдер»«Алтын құрам қайталанбайды»,«Харизма жетіспейді» деген пікірлер қарша борады.

Ал кей тыңдармандар керісінше жаңа мүшелерді қорғап:
 

«Әр құрамның өз уақыты бар»«Қыздар еңбектеніп жүр, жақсы айтқан»«Керемет дауыс, жарайсыңдар!» деп қолдау білдіруде.

Бірақ талқылаушылардың айтуынша, жаңа видеода «сезім, шынайылық» жетпей қалған.

«Тек өздерін көрсету үшін шыңғыра береді», «Жанар мен Кәмшаттағы драйв мүлде жоқ» дегендер де табылды.

Не десек те, КешYou әлі де ел назарында. Бір кездері әр ауысымы жаңалық болатын топтың бүгінгі өзгерістері тыңдарманды бейжай қалдырмайтыны анық. Балалай беретін құрамы бар бұл топтың қай кезеңі тыңдарман жүрегінде қалары — өздеріне байланысты.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий