Кәмшат Жолдыбаева сахнаға қайта орала ма – продюсер жауап берді 

06.11.2025 12:32 Әсел Мұрат
Кәмшат Жолдыбаева сахнаға қайта орала ма – продюсер жауап берді 
0
155

Танымал музыкалық продюсер Бағым Мұхитденова Тимур Балымбетовке берген сұхбатында көптен бері көрінбей кеткен әнші Кәмшат Жолдыбаева туралы айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Продюсер Кәмшаттың сахнаға қайта оралуы қаншалық мүмкін екенін айтты.
Мұхитденованың айтуынша, Кәмшат өнер жолына қайта оралады, бірақ біршама уақыттан кейін ғана.

«Мен Кәмшатпен жақында ғана сөйлестім. Оның менің концертімде өнер көрсеткенін өте қатты қалаған едім. Оған ұсыныс жасадым, бірақ ол қазір – ана. Ол «Мен сахнаға шыққым келеді, бірақ сәбиімді қалдыратын ешкім жоқ» деді. Оның сәбиі әлі кішкентай. Өзі секілді сұп-сұлу қызы бар. Біз негізі Кәмшатпен де, жалпы бәрімен байланыстамыз. Кәмшат үшін қазір осындай кезең болып тұр. Менің ойымша, ол бәрібір сахнаға оралады, оған тек уақыт керек», – деді продюсер.
 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий