Канье Уэсттің концертінен Алматы қанша пайда тапқаны белгілі болды

21.08.2026 10:50 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Канье Уэсттің концертінен Алматы қанша пайда тапқаны белгілі болды
85
Фото: First Media Group

Алматыда өткен Канье Уэсттің концерті туристер ағынын күрт арттырып, қала экономикасына шамамен 5 млрд теңге пайда әкелді, деп хабарлайды Politico.kz порталы Forbes Kazakhstan басылымына сілтемемен.

First Media Group пен Freedom Holding Corp ұйымдастырған шараға барлығы 31 мың көрермен жиналған. Оның ішінде 7 700 адам өзге елдерден келген туристер. Алматы қаласы Туризм басқармасының мәліметінше, жанкүйерлер 50-ден астам мемлекеттен ұшып келген. Қонақтар қатарында Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, БАӘ, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Германия және Аустралия азаматтары бар.

Олардың ішіндегі 2 мыңға жуық шетелдік жанкүйер Алматыдағы шараға арнайы ұшып келген. Мұндай фанаттардың көбі әртістің әлемдік тур кестесін қадағалап, бірнеше концертке қатысады. Шетелдік қонақтардың көптеп келуі қаладағы қонақүйлерге, қоғамдық көліктер мен мейрамханаларға және басқа да сервистерге үлкен сұраныс тудырды.

Осының нәтижесінде 13-16 тамыз аралығында Алматыдағы қонақүйлер мен орналастыру орындарының орташа толымдылығы 98%-ға жуықтады. Еске салайық, әлемдік тур аясындағы Канье Уэсттің (YE) концерті 2026 жылғы 15 тамызда Орталық стадионда ресми түрде өткен болатын.

Войдите, чтобы оставить комментарий