Кәрім Мәсімов жазасын қай жерде өтеп жатыр?

05.03.2026 13:15 Әсел Мұрат
Кәрім Мәсімов жазасын қай жерде өтеп жатыр?
1060
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Кәрім Мәсімов

Сенат кулуарында ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов журналистерге Кәрім Мәсімовтің қайда жазасын өтеп жатқанын айта алмады, деп хабарлайды Politico.kz.

Санжар Әділовтің айтуынша, бұл туралы ақпарат арнайы комитет арқылы беріледі.

«Мен бұл сұраққа жауап бердім. Басқалардың да қайда отырғанын мен ешкімге айтқан емеспін. Кімді айттым?», – деп таңданды Әділов. 

Ол Мәсімовтің қайда отырғанын тек адвокаты мен жақындары білетінін айтты.

Еске сала кетейік, 2022 жылы ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін мемлекетке опасыздық жасады және мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақ болды деген күдікпен қамауға алынған болатын. 

2023 жылы сәуірде ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларына сот үкімі шықты. Сот Мәсімовке мүлкі тәркіленіп, 18 жылға бас бостандығынан айыру және өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айыру жазасын тағайындады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий