Кейбір құрылыс материалдары бойынша толық импортқа тәуелдіміз – министр
Премьер-Министрдің орынбасары-Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров құрылыс саласында елімізде шығарылған материалдарды пайдаланудың үлесін арттыруға мән берілетінін айтты.
Министрдің айтуынша, құрылыс саласында отандық материалдарды қолдану талабы енгізіледі. Ол үшін Үкіметте тиісті заңнамалық шараларды қабылдау қаралып жатыр.«Жайлы мектептер құрылысына отандық материалдарды қолдану мәселесін жуырда Үкімет отырысында арнайы қарастырдық. Жоба операторы «Samruk-Kazyna Construction» компаниясына қазақстандық құрылыс материалдарымен қамтуды ұлғайту жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Бұл мәселе бақылауда, атқарылған жұмыстар бойынша есеп беру күнін, Үкіметтің тағы бір кеңес өткізуді белгіледік. Менің ойымша, жазға жақын, бұл жұмыстың нәтижесін егжей-тегжейлі қарастырамыз және бағасын береміз», - деді Нұрлан Байбазаров Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.
«Құрылыс саласында кейбір материалдар бойынша бізде толық импортқа тәуелділік бар. Әзірге импортқа тәуелділік бойынша біз ештеңе істей алмаймыз. Бірақ, бұл бағыттағы инвестициялық жобаларға назар аударамыз», - дейді ол.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...