Кеншілер мен металлургтер жаппай сенбілікке шықты

20.04.2026 10:35 Арман Ермеков
Кеншілер мен металлургтер жаппай сенбілікке шықты
55
Фото: KAZAKHMYS

Жезқазған қаласындағы кеншілер мен металлургтер «Таза Қазақстан» акциясы аясында Наурыз саябағына 150 түп жас тал отырғызып, қала аумағын қоқыстан тазартты, деп хабарлайды Politico.kz.

«Қазақмыс» корпорациясы 18 сәуірде өткен шараға арнайы көшеттер мен құнарлы топырақ жеткізген. Компания қызметкерлері шұңқыр қазып, ағаштарды отырғызғаннан кейін оларды бірден суарып шықты. Алдағы уақытта бұл жасыл желектерді күтіп-баптау жұмысымен саябақ әкімшілігі айналысатын болады.

Бұл жұмыстар кәсіпорынның экологиялық бастамаларының бір бөлігі ғана. Өткен аптада 700-ге жуық жұмысшы кәсіпорын аумағы мен қала алаңдарын тазартып, 95 тонна қоқыс шығарған. Одан бөлек ұжым Балқаш, Жезқазған және Сәтбаев қалаларындағы өндірістік нысандардың айналасын ретке келтіріп, Балқаш көлінің жағалауын қалдықтардан тазартты.

"Компания «Таза Қазақстан» акциясына жүйелі түрде қатысады. Экологиялық бастама, оның ішінде тұрақты өткізілетін «таза бейсенбі» іс-шарасы сәуір, мамыр айларында да жалғасады", – деп хабарлады «Қазақмыс» корпорациясы.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий