"Кешіріңіздер": Елімізде тағы бір блогер қамалды
Шымкентте есірткі қолданғанын айтып, тікелей эфирге шыққан блогер жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Politico.kz Sn.kz-ке сілтеме жасап.
Бұған дейін әлеуметтік желіде блогер Әсел Құдайбергенованың есірткі қолданғанын, есірткінің әсері туралы айтқан видеосы тарады. Осы видеодан кейін блогер полиция бөліміне жеткізіліп, сараптама нәтижесінде қыздың ағзасынан есірткі заттары анықталды.
Полиция блогердің үстінен әкімшілік іс қозғады. Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Әсел Құдайбергенованы кінәлі деп танып, 10 тәулікке қамауға алу түріндегі жаза тағайындады.
“Құрметті қазақстандықтар! Instagram желісіндегі жазбам үшін барлығыңыздан шын жүректен кешірім сұраймын. Айтқан сөздерімнің орынсыз болғанын және Қазақстан халқына, мәдениеті мен құндылықтарына құрметсіздік ретінде қабылдануы мүмкін екенін түсінемін. Бұл менің шынайы ниетімді білдірмейді, қателік жібергенімді мойындаймын және толық жауапкершілікті өз мойныма аламын. Контентім арқылы жағымсыз эмоциялар тудырып, наразылыққа себеп болғаныма өкінемін. Осы жағдайдан тиісті қорытынды жасадым және алдағы уақытта Instagram-дағы жарияланымдарыма әлдеқайда жауапкершілікпен қарайтын боламын”, – деді блогер.
Полиция есірткі зарттарын насихаттау құқыққа қайшы контент болып саналатынын және оның әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларда да жариялануына жол берілмейтінін ескертеді.
Соңғы жаңалықтар