«Кімге көріне алмай жүр?»: блогер Сабина Мовлаеваның образы желіні шулатты

10.12.2025 13:44 Айсұлу Мұрат
«Кімге көріне алмай жүр?»: блогер Сабина Мовлаеваның образы желіні шулатты
0
58
Фото: Instagram жеке парақшасынан

Танымал блогер Сабина Мовлаева бұл жолы жаңа контентімен емес, даулы образы арқылы жұрт назарын өзіне аударды. Желідегі видеолары мен суреттері көпшілік арасында қызу талқыланып, пікірталас тудырды, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Желі қолданушылары блогердің таңдаған киіміне шүйлігіп, шектен шықты деп бағалағандар аз емес.

Пікірлердің бірі:

«Кімге көріне алмай жүр?», «Ойбай, бұл іш киім емес пе өзі?»,«Әніне емес, киіміне қарап қалдық»- деп ашық наразылығын білдірді.

Кейбір оқырмандар Сабинаның образы артық ашық, тіпті сахналық эстетикадан алшақ екенін айтып, қатты сынға алды. Олардың пікірінше, блогердің сыртқы кейпі мазмұнды көлеңкеде қалдырған.

Ал екінші тарап, керісінше, Сабинаны қорғап шықты. Олар:

«Өз стилі, өз таңдауы», «Заман басқа, талап та басқа», «Өнер адамына еркіндік керек»- деп қолдау білдіріп жатыр.

Дегенмен көпшілік үшін басты сұрақ ашық күйінде қалды: бұл образ – шығармашылық ізденіс пе, әлде әдейі жасалған хайп па?

Қалай болғанда да, бір анық нәрсе бар Сабина Мовлаева тағы да желі назарын өзіне аударта алды. Ал бұл әрекет оның имиджіне плюс пе, әлде минус па оны уақыт пен көрерменнің талғамы көрсете жатар.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий