Көкшетауда бүтін бір отбасы ыс тиіп, уланып қалды
Көкшетау қаласында 33 жастағы әйел екі кәмелетке толмаған баласымен бірге ыс тиіп, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға жеке тұрғын үйде болған.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, улануға пештің техникалық ақауы себеп болуы ықтимал. Әйел кешкі уақытта пештің қосалқы қақпағын жауып тастаған, салдарынан көміртегі тотығы жиналып қалған. Бұл туралы Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Зардап шеккендердің барлығы облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің тексеруінен соң балалардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып, амбулаторлық бақылауға жіберілді. Ал анасы қосымша ем алу үшін стационарға жатқызылды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқастың жағдайы тұрақты. Қазіргі уақытта ол неврология бөлімшесінде дәрігерлердің бақылауында.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...