Көкшетауда жантүршігерлік апатқа себеп болған жүргізушіге жеңіл жаза берілді

13.05.2026 18:25 Қарақат АСЫЛОВА
Көкшетауда жантүршігерлік апатқа себеп болған жүргізушіге жеңіл жаза берілді
249
Фото: GOV.kz
Көкшетауда әйел өліміне себеп болған жүргізуші шартты жаза алды

Көкшетауда бір адамның өмірін жалмаған ауыр жол апатына қатысты сот шешімі жарияланды, деп хабарлайды Politico.kz.

Алайда қайғылы оқиғаға себепкер болған жүргізуші нақты мерзімге сотталмай, шартты жаза алды.

Оқиға 2025 жылдың көктемінде қала көшелерінің бірінде болған. Сот материалдарына сәйкес, Mercedes көлігін тізгіндеген 24 жастағы азамат белгіленген жылдамдықтан асып, жол қозғалысы талаптарын сақтамаған. Соның салдарынан қиылыста бұрылып бара жатқан ВАЗ автокөлігімен соқтығысқан. Соққының қатты болғаны соншалық, Mercedes жол жиегіне шығып кетіп, жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Әйел ауыр жарақаттан оқиға орнында мерт болды.

Жол апаты кезінде ВАЗ ішіндегі бірнеше адам зардап шекті. Олардың бірі ауыр жарақат алса, тағы біріне орташа деңгейдегі дене жарақаты тіркелген. Үшінші жолаушы жеңіл жарақатпен аман қалған.

Сот отырысында жүргізуші өз кінәсін толық мойындаған. Сонымен қатар денсаулығына байланысты өзін бас бостандығынан айырмауды сұраған. Айыпталушы жәбірленушілерге 11,5 миллион теңге көлемінде өтемақы төлегені белгілі болды.

Сот кінәні мойындау, өтемақының төленуі және жәбірленушілердің кешірім беруін ескеріп, жүргізушіні 2 жарым жылға шартты түрде соттады. Сондай-ақ оған бес жыл көлік жүргізуге тыйым салынды.

Войдите, чтобы оставить комментарий