Көкшетаудағы жантүршігерлік жол апаты: Аулаға кірген көлік әйелді басып кетті (ВИДЕО)
1919
Көкшетаудағы қайғылы оқиға видеоға түсіп қалды
Көкшетауда тұрғын үй ауласына кіріп келе жатқан көлік жаяу жүргіншіні қағып кеткен, деп хабарлайды Politico.kz.
Қайғылы оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Оқиға 9 мамыр күні болған. Бақылау камерасындағы кадрларда ақ түсті кроссовердің аулаға бұрылып кірген сәті, артынша жаяу адамды қағып кеткені көрінеді.
Ақмола облысы полиция департаменті жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір тергеу жүргізіліп, апаттың барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, көз жұмған әйел 12 жастағы баланы тәрбиелеп отырған.
Тұрғындар бұл аулада қауіпсіздік мәселесі бұрыннан көтеріліп келе жатқанын айтады. Олардың сөзінше, ауладағы екі кіреберістің бірі жабылғаннан кейін барлық көлік бір жолмен қатынай бастаған. Соған байланысты тұрғындар бірнеше рет шара қабылдауды сұраған.
Соңғы жаңалықтар
25.09.2026
12:56
«Інілерімді қимай жүрегім ауырып тұр»: Димаш Құ...
25.09.2026
12:46
Каспийдегі трагедия бойынша күдіктілердің әрек...
25.09.2026
12:33
Каспийде қаза тапқан үш әскери қызметшінің дене...
25.09.2026
12:27
Каспийдегі трагедия: Тоқаевқа кімдер көңіл айтты?
25.09.2026
12:03
Дәрет сындырған видео: полиция шетелдік турист ...
25.09.2026
11:24
Каспийде көз жұмған әскерилердің жақындарына кө...