«Колхоз, совхоз»: Тұрсынбектің тоқалы ас әзірлеймін деп жұрттан оңбай сөз естіді

11.12.2025 16:09 Айсұлу Мұрат
«Колхоз, совхоз»: Тұрсынбектің тоқалы ас әзірлеймін деп жұрттан оңбай сөз естіді
0
81
Коллаж: Politico.kz

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман қарапайым ғана үйде қаттама нан дайындаймын деп, күтпеген жерден желінің «отына» күйді, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Айман Instagram парақшасына қамыр илеп, қаттама дайындап жатқан сәтін жай ғана бөліскен еді. Бірақ бір оқырман оның еңбегін бағалаудың орнына, ауыр сөзбен түйреп өтті.

Пікір астында желі қолданушысы:

«Терісі қап-қара, қара қайыстай. Саусақтары быртық-быртық. Колхоз, совхоздар ғана осындай тамақ жейді», – деп жазып, жұрттың ашу-ызасын тудырды.

Дегенмен, Айман да үнсіз қалмай, өзінше ащы жауап қайтарды:

«Рецепт сұрап жатқандар — колхоз, совхоз болдыңыздар ал», – деп жазды ол.

Осы жазбадан кейін желі екіге бөлінді: бірі Айманды «қала берді, тоқал десең тоқал», «жасырып жүрген табиғатын көрсетіп қойды» деп сынаса, енді бірі оны қарапайымдылығы үшін жақтап шықты.

Желі қолданушыларының пікірлері қарша борады:

«Жақсы келін сияқты, неге тиісесіңдер?», «Өз нанын өзі жасап жүрген адамға сөз айту – артық», «Тоқал болса да, қолынан іс келеді екен»,«Қатты айтқан екен, әйел деген – әйел ғой…»

Қалай болғанда да, қарапайым қаттама видеоcы Айман үшін тағы бір «хитқа» айналып, жұрттың назарын өзіне аударды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий