«Көп нәрсе айтылмады»: Мөлдірдің әпкесі күйеу баласы Тұрсынбек туралы шындықтың бетін ашты
Мөлдір Мұқанның туған әпкесі сіңілісіне қолдау білдіріп, жазба жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
«Қазір әлеуметтік желіні ашып қалсаң барлығы ақылды болып Тұрсынбек пен Мөлдірді жазып жатыр, көбісінің Мөлдірді қолдап жатқанын көріп жатырмыз. Бұл жерде мен Мөлдірдің әке-шешеміздің қанымен, тәрбиесімен келген тектілігін айтқым келіп тұр. Қанша опасыздық жасаса да Тұрсынбекті мырза деп сыйлап сөйлеп, көңілдесі туралы бір ауыз жаман сөз айтпады. Әйтпесе, туғана апасы ретінде, жақын жанашыры ретінде біз де көп нәрсені білеміз, айтылу керек болған небір сұмпайы тірліктердің Тұрсынбектің абыройы деп айтылмай қалғанын көрдік. Мөлдір жоғарыда тұрды, олардың деңгейіне түспеді. 14 жыл барлығына шыдады, себебі біздің әулетте отбасы құндылықтары бірінші орында тұрды. Подкастта айтылғандай әке-шешеміз бір-бірімен дауыс көтеріп ұрыспағанын, тіпті біздің байқамай істеген бұзақылымызға байыппен қарап, ақылмен, байыппен кеңес бергенін көріп өстік. Тіпті біздің үйде әкемнің шешесі, анамыздың әкесі бір мезгілде еш кикілжіңсіз өмір сүрді. Қазір екі жақтың қартайған ата-анасын емес, тіпті туған бауырын сыйғызбай үйінен қуып шыққан жандарды көріп жүрміз. Оның барлығы әке-шешеміздің тектілігі, Мөлдір соны бойына сіңіріп өсті және сол себепті отбасын соңына дейін сақтағысы келді», - деді ол.
Айтуынша, Мөлдірдің берген сұхбатында көп нәрсе ашық айтылмаған.
«Мөлдір ешкімнің аяғанына, мүсіркегеніне мұқтаж емес, себебі бізді өмір ерте есейткен, небір сынақтардан өткізген. Берілген интервью – оның жан дүниесін бәріне ашып берді. Мөлдірдің жаны нағыз мөлдір екенін бәрі көрді. Өзі айтқандай интервьюда көптеген нәрселердің шеті ғана айтылды, енді осымен шулата бермей Мөлдірге қолдау көрсетіп, дұрыс шешім шығарып, өзімізді және өз балаларымызды дамытайық, дұрыс тәрбие берейік, ұлтымыздың болашағын ойлайық. Мөлдір жалғыз емес - жанында жанын берер бес бауыры, аялайтын ағайындары, шын жанашыр достары бар. Сондықтан да бәрі біз ойлағаннан да керемет болатынына сенімдімін», - деді ол.
Соңғы жаңалықтар