Көшпенділер ойындарында медаль дауы шықты: Қазақстанның жеңісі жоққа шығарылды ма?

07.09.2026 10:19 Әсел МҰРАТ
Көшпенділер ойындарында медаль дауы шықты: Қазақстанның жеңісі жоққа шығарылды ма?
353
Фото: Кабар

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының медаль есебі төңірегінде Қазақстан мен Қырғызстан арасында пікір қайшылығы туындады. Осыған байланысты Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Politico.kz.

Қырғызстан тарапының айтуынша, Көшпенділер ойындарының ережесі бойынша жарыс соңында мемлекеттер арасында ресми медаль есебі немесе жалпыкомандалық рейтинг жүргізілмейді.

Министрлік өкілдері ойындардың басты мақсаты елдерді медаль саны бойынша жарыстыру емес екенін атап өтті. Олардың сөзінше, халықаралық жарыс этноспорт пен дәстүрлі спорт түрлерін дамытуға, ұлттық мұраны сақтауға және халықтар арасындағы достық пен мәдени байланысты нығайтуға бағытталған.

«Дүниежүзілік көшпенділер ойындары мемлекеттерді жалпы рейтингтегі орын үшін бәсекелестіруге емес, ортақ тарихи және мәдени мұра негізінде біріктіруге арналған. Сондықтан ойындар қорытындысы бойынша елдер арасында жалпы медаль рейтингі жасалмайды»,  – деп мәлімдеді ведомство.

Бішкекте өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарынан кейін еліміздің спорт министрлігі Қазақстан құрамасы 74 медальмен жалпы есепте бірінші орын алғаны хабарлаған еді. Қазақстандық спортшылар 32 алтын, 20 күміс және 22 қола медаль жеңіп алған.

Алайда кейін World Nomad Games 2026 ойындарының ресми Instagram парақшасында басқа медаль кестесі жарияланды. Онда Қырғызстан 30 алтын, 29 күміс және 13 қола медальмен бірінші орынға шықса, Қазақстан 20 алтын, 16 күміс және 19 қола медальмен екінші орынға қойылған.

Осы кестеге сәйкес, Қазақстанның жалпы медаль саны бұған дейін жарияланған көрсеткіштен 10 медальға аз болған.

Кейін бұл жазба мен медаль кестесі ресми парақшадан өшірілді.

Осыдан кейін Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі ойындарда елдер арасында ресми медаль рейтингі мүлде жүргізілмейтінін мәлімдеді.

Войдите, чтобы оставить комментарий