"Көз жасымды тыя алмадым". Ләйлә Сұлтанқызы досын еске алды

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы композитор Арман Дүйсенов туралы естелік жазбасын бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Сұлтанқызының айтуынша, ол продюсер Баян Алагөзованың шоуында марқұм композитордың «Туған жер» әнінің шығу тарихы туралы айтылған сәтте көз жасын тыя алмаған.
"Баян Мақсатқызының Астанада Queen шоуы өтті. Арман Дүйсеновтің «Туған жер» әнінің шығу тарихына тоқталғанда, көз жасымды тыя алмадым. Соңғы рет Қайрат ағаның басына барғанда Арман мен ұлының жатқан жерін көріп, жүрегім сыздады. Кеше Баян Арекеңді көрсетіп, еңбегін елеп, құрметін білдіргенде, сол бір Кеңсайдағы көрініс көз алдыма келе берді," – деп жазды тележүргізуші.
Сұлтанқызы өмірдің қысқалығын айтып, бір-біріне мейірімді болуға шақырды:
"Бәріміздің баратын жеріміз бір. Осы қасиетті айда әрқайсымыздың жақынымызға бағышталған дұға, оқылған құранымыз қабыл болсыншы. Өмір деген сондай қысқа, бір-бірімізге мейірімді, қамқор болып, қолдап жүрейікші," – деді ол.
Соңғы жаңалықтар





