Күдікті – олардың ұлы: Теміртауда ерлі-зайыптының мәйіті табылды

09.10.2026 • 12:37 Әсел МҰРАТ
Күдікті – олардың ұлы: Теміртауда ерлі-зайыптының мәйіті табылды
306
Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Теміртауда ерлі-зайыптының өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.

Теміртауда екі адамның өліміне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. 7 қазанда Республика даңғылындағы пәтерлердің бірінен 52 жастағы ер адам мен 49 жастағы әйелдің мәйіті табылған. 

Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері марқұмдардың 20 жастағы ұлын анықтап, ұстаған. Ол қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта жас жігіт уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты істің өзге де мән-жайы жарияланбады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий