«Кудс» күштерінің қолбасшысы Каани — Израильдің басты тыңшысы болуы мүмкін
Иран Ислам революциясы сақшылары корпусының (КСИР) «Кудс» күштері қолбасшысы Эсмаил Каани Израильдің басты тыңшысы болуы мүмкін деген ақпарат тарады. Кейбір мәліметтерге сәйкес, ол Ираннан құпия түрде шығарылған, деп хабарлайды Politico.kz.
Шетелдік медиа деректерінде Каанидің Израиль барлау қызметімен байланысы болуы мүмкін екені айтылып, оның бірнеше ірі операцияларға қатысы бар деген болжам жасалған.
Израильдік медиа деректеріне сүйенсек, Каани бірқатар жоғары лауазымды тұлғаларды жою операцияларында маңызды рөл атқаруы мүмкін. Атап айтқанда, ХАМАС жетекшісі Исмаил Ханияның, «Хезболла» ұйымының көшбасшылары Хасан Насралла мен Хашем Сафиеддиннің, сондай-ақ Иранның жоғарғы жетекшісі Али Хаменеи мен КСИР-дің бірнеше генералының көзін жоюға қатысы болуы мүмкін деген болжам айтылған.
Алайда бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ. Иран билігі де, Израиль тарапынан да аталған мәліметтерге қатысты нақты түсініктеме берілген жоқ.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
27.10.2026
21:56
Microsoft 60 мың қызметкеріне өз еркімен жұмыст...
27.10.2026
20:40
Жамбыл облысында заңсыз көші-қон ұйымдастырған ...
27.10.2026
19:53
Қызылорда полициясы атышулы жол апатына кінәлі ...
27.10.2026
19:20
«Ерен еңбегі үшін» медалі ел арасында қызу талқ...
27.10.2026
18:49
Айсултан Сейітов пен A$AP Rocky-дің жаңа клипі ...
27.10.2026
18:16
28 қазан, сағат 11:00: Тоқаев халыққа үн қатады