КВН-нан тағы бір қаралы хабар: Александр Масляковтың жары өмірден өтті
КВН телебағдарламасының режиссері әрі ұзақ жылдар бойы жобаның дамуына үлес қосқан Светлана Маслякова 78 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы КВН-ның ресми Telegram арнасы хабарлады.
Хабарламада Светлана Маслякованың КВН тарихында ерекше орны бар тұлға болғаны айтылған. Ол көптеген жылдар бойы жобаның шығармашылық жұмысына жетекшілік етіп, бағдарламаның қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосты. Сонымен қатар, КВН жүргізушісі Александр Масляковтың өмірлік серігі ретінде оның басты тірегі болғаны атап өтілді.
«Бүгін КВН отбасы ауыр қайғыға душар болды. Светлана Анатольевна Маслякова өмірден өтті. Ол бірнеше буынның шығармашылық жолына ықпал етіп, жастарға әрдайым қолдау көрсетті. Оның жарқын бейнесі біздің жадымызда мәңгі сақталады», – делінген ресми хабарламада.
Айта кетейік, КВН бағдарламасының ұзақ жылғы жүргізушісі Александр Масляков 2024 жылдың 8 қыркүйегінде қайтыс болған еді.
Соңғы жаңалықтар