“Лаңкестік шабуыл”: 16 адам беймезгіл ажал құшты
539
Пәкістанда лаңкестік шабуылдан 16 сарбаз қаза тапты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
2025 жылғы 28 маусымда Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы Солтүстік Вазиристан ауданында әскери колоннаға жасалған лаңкестік шабуыл салдарынан кемінде 16 сарбаз көз жұмды. Бұл туралы AFP агенттігіне жергілікті полиция мәлімдеді.
Жанкешті лаңкес жарылғыш затпен жабдықталған көлігімен әскери көліктер шеруіне соғылған. Қуатты жарылыстан екі үйдің шатыры опырылып түсіп, 20-дан астам адам жарақат алды. Олардың арасында алты бала бар.
Шабуыл жауапкершілігін Ауғанстандағы «Талибан» қозғалысымен байланысы бар «Хафиз Гүл Бахадур тобы» өз мойнына алған.
Соңғы жаңалықтар
25.06.2026
23:20
Алматыда ішімдік ішкен ер адам досын пышақтап к...
25.06.2026
22:33
“Мен бұған кәміл сенемін”: Тоқаев маңызды мәлім...
25.06.2026
21:19
«Екі апта бойы кәріз су іштік»: Қарағанды облыс...
25.06.2026
20:09
Шымкенттегі қоймаларда ірі өрт шықты: Зардап ше...
25.06.2026
19:14
Қазақстандықтар Еуропаға қашан визасыз бара алады?
25.06.2026
18:27
«Денемізді түгел бөртпе басты»: Бурабайда демал...